Рахметолда Сәлменов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рахметолда Сәлменов (1.1.1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5.1.1970, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966). 1930- 34 ж. кен өндіретін жерде, т.б. әр түрлі жұмыстар жасады. 1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында, сонымен қатар қазақ опера және балет театрында (1935- 39) қызмет етті. Негізгі рольдері: Көкбай, Кобей, Есен, Жарылғап (М.Әуезовтің "Абай", "Енлік - Кебек", пен "Қарагозінде"), Қарабай, Қарасақал, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Актоқтысында"), Сабатай (Ш.Құсайыновтың "Марабайында"), Жекшенқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасы" бойынша), т.б. 1938 жылдан киноға түскен: Серік ("Амангелдіде"), Еркінбай ("Әзілшыны араласта", 1963), Базарбай ("Алдар көседе", 1964), т.б. 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазақ академиялық драма театрының құрамында Қазан, Уфада өнер көрсетті. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала