Рахметжан Мұзапарұлы Қожамбердиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожамбердиев Рахметжан Мұзапарұлы1963 жылы 14 тамызда Алматы болысы Үйғыр ауданы Ақтам селосында дүниеге келген. 1985 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтынын тарих факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 1985 жылы үйғыр ауданына қарасты Кіші Диқан (қазіргі Халық қаһарманы М.Тейипов атындағы) селосындагы мектепте тарих, қоғамтану және құқық пәндерінің мұғалімі болып бастаған <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1986 жылы "Мектеп" баспасында Ұйғыр редакциясының редакторы болып орналасып, 1986—1988 жылдары әскери борышын өтеп келгеннен кейін осы баспада редакторлық жұмысын жалгастырған.

1992 жылы Республикалық "Телевизия және радио" корпорациясында Ұйғыр тіліндегі хабарлар редакциясында аға редактор болып қызмет етеді. Республикалық Ұйғыр мәдениет орталығының Жастар комитетінде қоғамдык жұмыстар атқарады.

2002 жылдан "Мектеп" баспасы " ЖШС-ында жетекші редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарып, оқулық шығару ісіне жаңашырлыкпен қарап жүрген тәжірибелі редактор.

Р.Қожамбердиев — Ұйғыр мектептеріне арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын Ұйғыр тіліне аударып жүрген қаламы жүйрік аудармашы.

Білім беру мәселелері бойынша жазған мақалалары газет-журналдарда жиі жарияланып тұрады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}