Рахима Төлегенқызы Жұбатырова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Рахима Төлегенқызы Жұбатырова (15 наурыз 1943, Әндіжан, Өзбек КСР) – әнші. Қазақстанның халық әртісі. (1982; 1978 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), профессор (2001). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1970). 1975 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1995 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс береді. Жұбатырова Қазақ опера және балет театрының сахнасында Сара (М.Төлебаевтың “Біржан – Сарасында”), Дана (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Гүлбаршын, Қамар (Е.Рахмадиевтің “Алпамысы” мен “Қамар сұлуында”), Ана (Ғ.Жұбанованың “Жиырма сегізінде”) Татьяна, Иоланта (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаковтың “Патшаның қалыңдығында”), Аида, Амелия (Дж. Вердидің “Аидасы” мен “Балмаскарадында”), Мария Стюарт (С.Слонимскийдің осы аттас операсында), Маргарита (Ш.Гуноның “Фаустында”), Тоска, Чио-Чио-Сан (Дж.Пуччинидің осы аттас операларында), т.б. партияларды шебер орындап, қазақ опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. “Астана” медалімен марапатталған (1998).<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала