Рахилям Абдрахманқызы Машурова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Рахилям Абдрахманқызы Машурова (1946 жыл 8 наурызда Алматыда туған) — актриса, профессор. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1991). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1968 жылдан). Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (2009). "Парасат" және "Құрмет" Ордендерінің иегері.

Жалпы мәліметтер

Рахилям Абдрахманқызының ұлты - ұйғыр, Әкесі - Машуров Абрахман (1912-1981), жұмысшы болған. Анасы - Машурова Айша (1912-1990), үй шаруасымен айналысқан.

1946 ж. Алматыда дүниеге келді. 1968 ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданған, содан бергі шығармашылық ғұмыры осы қара шаңырақпен тығыз байланысты. Қара шаңырақ сахнасындағы тұсаукесері Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» (реж. Б. Омаров) Айбарша ролі. Содан бері театр сахнасында көптеген рөлднрді самдап келе жатқан дарында артист.

  • Абай атындағы академиялық Опера және балет театрына Онеггердің «Жанна д’Арк» операсындағы Жанна д’ Арк роліне шақырылып, азаттық және отаншылдық идеясымен рухтанған батыр қыздың бейнесін сәтті шығарды.

Білімі

  • Құрманғазы атындағы Апматы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін бітірген (1969) ұстазы, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері,профессор Хадиша Бөкеева.
  • қазақ және орыс тілдерін біледі.

Еңбек жолы

Шығармашылығы

«Ревизор» (Анна Андреевна), «Күйөуіңізді сатыңызшы» (Елена), «Өмірзая» (Ирма), «Ат жылаған түн» (Бригадир), «Құдалар» (Хадиша), «Сағыныш пен елес» (Анар), «Бәкей қыз» (Жамал), «Қара кемпір» (Қали) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Қырғызфильм» киностудиясының «Қасқырдың ұлуы» (Гүлімхан); «Өзбекфильм» киностудиясының «Нәзігім» (Айымхан); «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақи оқиға» (Маржан), «Сатай-фильм» киностудиясының «Рэкетир» (Ана) кинофильмдеріне түскен.

  • Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ж. Файзи, «Башмақтар»; Ғ. Мүсірепов, «Қыз Жібек»; А.П. Чехов, «ұсыныс»; В.А. Моцарт, «Фигароның тойы»; М. Әуезов, «Еңлік-Кебек»; Ф. Эрве, «Мадемуазель Нитуш»; О. Алексеевич, «Цинковые мальчики»; Е. Брусиловский, «Біржан - Сара»; Ш. Құдайбергенұлы, «Тағдыр» және т.б

Марапаттары

  • "Театр көктемі" фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.
  • 1989 жылы КСРОның "Еңбек ардагері" медальінің иегері
  • 1991 жылы Қазақ КСРеңбек сіңірген артисі құрметті атағы берілді.
  • 1997 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті (ғылыми атағы)
  • 1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі (атағы)
  • 2005 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор (ғылыми атағы)
  • 2005 жылы «Құрмет ордені»
  • 2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері
  • 2011 жылы Тәуелсіз "Ильхом" сыйлығының лауреаты.
  • 2015 жылы «Парасат ордені» мен марапатталған.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.

Жеке қасиеттері

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.Тэтчер. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық республика». Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезовтың, Ш. Айтматовтың прозасы; Фирдоуси, А. Пушкиннің поэзиясы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub