Рафида

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рафида, ар-Рафида (ар-рауафид; «қалдырушылар», «қабыл алмаушылар») - рафидшілер, шииттердің, әсіресе, имамшылардың кең тараған лақап атаның бірі. Мұсылман доксографтары бұл лақап аттың шығуын шииттік қозғалыс тарихынан әр түрлі көріністерімен байланыстырады. Кейбір авторлар алғашқы Рафидалар сабаиттар, Мұхаммед Пайғамбар өз мұрагері етіп Әлиді тағайындағаны хақ деп есептеп, Әбу Бәкір мен Омар имамдығын «қабыл алмаған» Абдаллах б. Сабаны жасаушылар деп тұжырымдады. Енді бір топ авторлар Рафида деп өзінен бұрынғы әулиелердің ілімімен келіспей, Әбу Бәкір мен Омар билігін ғана мойындал, 739 жылы көтеріліске шығып, Зайд б. Әли имамдығын мойындауды «қабыл алмаған» Куфа шииттерін атайды. Зайд ұрпағы дараланып қалғаннан кейін, негізінен, Әбу Бәкір мен Омар билігін ғана емес, Омейя әулеті мен Аббас әулетін де «қабыл алмаушы» имамшыларды Рафида деп атай бастады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub