Рафаэль Радикович Уразбахтин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Рафаэль Уразбахтин (20 қараша 1978 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, Қазақстан ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Карьерасы

Клубтық

Карьерасын "Қайнар" (қазіргі "Жетісу") клубында бастады. 1997 жылы аутсайдер клубтардың бірі "Ұлытауда" ойнап, сол жылдың ортасында "Қайратқа" келді. 1998 жылы "Қайрат" екіге бөлінгенде Рафаэль ЦСКА-Қайратты таңдады.

2000 жылы "Қайратқа" қайта оралғанымен қосалқы құрамда қап қойды да. Кейін де жиі клуб ауыстырып, "Ростсельмаш", "Елім-ай", "Ақтөбе", "Жетісу", "Шахтер", "Есіл-Богатырь" клубтарында ойнап, 2008 жылы "Қайратқа" қайта оралды.

Карьерасының соңғы жылдарында "Қайсар" мен "Востокта" да ойнады.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапында бірінші рет 1998 жылы 1 желтоқсанда Азия ойындары аясында Иранға қарсы алаңға шықты. Соңғы ойынын 2004 жылы сырт алаңда Грекияға қарсы (ӘЧ-2006 іріктеуі) өткізді.

Қазақстан құрамасында екі доп соқты, екеуін де ӘЧ-2002 іріктеуіндегі Непалмен ойында енгізді (біреуін сыртта, біреуін өз алаңында)

Отбасы

Үйленген, екі баласы бар<ref>Блуждающий форвард</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер