Раушан Бағдатқызы Мамбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мамбекова Раушан Бағдатқызы - 1950 жылы 19 қарашада Алматы қаласында туған.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемөнер факультетін бітірген (1978), суретші-график. Мультипликациялық, көркем фильмдердің қоюшы суретшісі. Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, кітаптарды көркемдеу.

Жұмыстары Польша, Франция, Түркия, АҚШ, Германия, Голландия, Үндістан және басқа елдердегі жеке коллекцияларында сақталуда. Қазақстанның жеке меншік галереяларында көрмелерін өткізген. Жастардың, республикалық, бүкілодақтық, жеке көрмелерінің, Париж (1990, 1999, 2008), Клермон-Ферран (1991), Ренн (1996), Алматы (1995, 2000, 2002, 2006), Лезиньян (1995), Ташкент (2005), Фонтенбло (2008) қалаларындағы, сонымен қатар Нью-Йорк қаласындағы Халықаралық «Мәдениет, өнер, бизнөс» көрмесінің (1993) қатысушысы.

Лезиньян қаласындағы Халықаралық көрме-байқаудың алтын медалімен марапатталған (Франция, 1995). КСРО Суретшілер одағының (1979 жылдан), ҚР Суретшілер одағының (1991 жылдан) мүшесі.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш. де Голль, Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егемен, жариялы, өркенді мемлекет».

Хоббиі - бақша бағбандығы, гүлдер өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - М.А. Булгаков, В. Гюго, М. Цветаева, М. Өтемісов, М. Әуезов.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub