Раушанбек Шәкіманұлы Бектібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Раушанбек Шәкіманұлы Бектібаев - (27.1.1950, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті - 15.5.2002, Астана) - жазушы. Қазақ химия технологиясы институтын бітірген (1973). 1975 - 88 жылдары КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі жанындағы "Главриссовхозстрой" бас басқармасында инженер, аға инженер, топ, бөлім бастығы, 1988 - 90 жылдары ҚР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінде қызметкер, 1990 - 93 жылдары "Қазсумелиорация" концернінде жетекші инженер. 1993 жылы ҚР Президенті мен Министрлер Кабинетінің жалпы бөлімінде. 1995 жылдан ғұмырының соңына дейін ҚР Парламентінің Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. Тұңғыш фантастикалық әңгімесі "Кездейсоқ аялдама" 1970 ж. "Білім және еңбек" (казіргі "3ерде") журналындажарияланды. Бірнеше кітаптың авторы.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала