Рамазан Сағымбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Рамазан Сағымбеков.jpg
Рамазан Сағымбеков

Рамазан Сағымбеков - (1932-1996) журналист, тарих ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

Қарқаралының түлегі. ҚазМУ-дің журналистика бөлімшесін бігірген. Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, Шығыс Қазақстан облыстық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Қазақ радиосының бас редакторы, ҚазМУ-дің оқытушысы қызметтерін атқарды.

1974-1982 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінін редакторы. Кейінгі жылдары Қарағанды педагогикалық институтында,ҚарМУ-да ұстаздық етті. «Қарқаралы» қоғамдық саяси журналының негізін калады. «Терең тамырлар», «Алматыдан сөйлеп тұрмыз», «Ақжар-Мәскеу», «Достық нұры» сияқты кітаптардың, көптеген тарихи - публицистиқалық мақалалардың авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1979). Оның есімімен Қарқаралы ауданындағы Аппаз орта мектебі аталады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}