Райымбек Әбулақап
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Райымбек Әбулақап (1923 жылы туған), ақын, филология ғылымдарының кандидаты. Ұлытау ауданының түлегі.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген (1958). 1958-1963 ж. Ұлытау ауданының «Шеңбер» кеңшарында, Жезқазған кенішінде, №22 кәсіптік училищеде мұғалім, тәрбиеші-оқытушы болды. ҚазМУ-дің аспирантурасына түсіп (1963), «Жұмысшы табы қазақ кеңес поэзиясында» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1966). 1966-1986 ж. Ташкент педогогика институтында оқытушы, Қаз КСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚазМУ-дің журналистика факультетінің доценті.
100-ден астам зерттеулер мен сын мақалалардың (оның ішінде 2 монография) авторы.
- Жез қазғандар» (1961),
- «Тау ұлы» (1963),
- «Жездария» (1969),
- «Құрыш білек» (1975),
- «Құштар көңіл» (1983),
- «Жұлдыздарым» (1989),
- «Кешіккен махаббат» (таңдамалы, 1991),
- «Арман махаббат» (Таңдамалы, 1995) жыр жинақтарының авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}