Райымбек аудандық тарихи-өлкетану мұражайы (Алматы облысы Райымбек ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Raimbekmuzei.jpg
Райымбек аудандық тарихи өлкетану мұражайы

<ref>Мұражайдың жеке ақпараты</ref>

Құрылуы

Мұражайдың орналасқан ғимараты 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жандосов Ораз Кәкімұлына салынған үй болатын Мұражай 1987 жылы алғашында тарихи-этнографиялық мұражай болып ашылды. Ал 2011 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің № 18 қаулысымен мұражайдың атауы «Райымбек аудандық тарихи өлкетану мұражайы» болып өзгерді.

Мұражай директорлары

  1. Бүйенбаева Тұрар (1977 - 1986 жылдары)
  2. Турсынбаева Жамила (1986 - 2008 жылдары)
  3. Тұрлыханов Серік (2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)

Мұражайда барлығы – 1856 музейлік маңызы бар заттар мен материалдар бар. Оның ішінде 1675 – негізгі қор, 181- ғылыми көмекші қорларға жатады. Мұражай қорын құрайтын экспонаттардың ішіндегі құнды заттарға қола дәуіріне жататын балбал тас, петроглифтер және О.Жандосовтың жеке заттары бар. Мұражайда экспозицияға арналған 4 бөлме бар.

1-бөлме

Бұл бөлмеде О Жандосовтың кезіндегідей бұрынғы қалпы сақталған экспозициялық комплекс безендірілген. Олар, өзі қолданған тұрмыстық жиһаздары, киімдері және т.б. заттарды көруге болады. Сонымен қатар О. Жандосовтың өмірі мен қызметіне байланысты архивтік суреттер мен құжаттарын, «Жаңа мектеп» журналына жазған сауатсыздықты жою жөніндегі 1929 жылғы баяндамасын көруге болады.

2 - Табиғат бөлмесінде

Райымбек ауданының құрылу тарихы мен территоиясының схема-картасы.
Экспозициядағы экспонаттар: Жылдың төрт мезгіл көрінісі мен мамонттың тісінің бір бөлігі, азу тісі. Қызыл кітап мұқабасымен табиғат қорғауға арналған документтердің фотокөшірмелері. Райымбек ауданы тау төсіне орналасқан, табиғаты қатал, қысы ерте түсіп, көктемі кеш шығатын Жетісу өңіріндегі ерекше аудан. Соған қарамастан астықтың дәнді-дақылдың көп түрлері өседі. Ауданда өсірілетін дақыл түрлері мен аң құстардың қатырылған денелері қойылған экспозиция да қойылған.

3 -Этнографиялық бөлмеде

Ауданындамыздағы көптеген тарихи архелогиялық ескерткіш орындарынан адамды жерлеу дәстүрінен көрініс.
Б.э.д. 3-1 ғасырларда қыштан жасалған Жетісу үйсіндерінің ыдыс аяқтары, садақтың ұшы дән үккіш тас, батырлардың киетін сауыт -саймандары, садақ, найза, шоқпар, сақетер және т.б. Қазақ халқының батырлары мен билерінің фото көшірмелері ілінген.

Қарқара көтерілісі туралы деректер

  1. Қарқара жәрменкесінен табылған жез құмған, тігін мәшине.
  2. Патшалық заманнан бергі Ресей ақшаларының тұпнұсқалары.
  3. Жетісу өлкесіндегі ұлт-азаттық көтеріліс картасы.
  4. Албан-бұғы тасы.

Ұзақ батырдың қабірінің басына қойылған таңбалы тас қойылған.

4 бөлме

1917 жылдағы Кеңес Одағы орнаған кезден бастап Тәуелсіз Қазақстандағы аудан тарихына арналады 1917 жылдағы Кеңес одағы орнаған кезден бастап, Қазақстан егеменеді ел, тәуелсіз мемлекет болғанға дейінгі уақытты көрсететін бөлмесінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттері мен орден медальдары, Социалистік сыйлығының, Еңбек Ерлерінің суреттері қойылған. Жалаулы селосынан табылған алтыннан жасалған бұйымдар әзіргі уақытта орталық мемлекеттік музейде сақтаулы, олардың фото көшірмелері аудандық музейде экспозицияға қойылған.

Дереккөздер

<references/>