Раиса Кәрімқызы Ермекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Раиса Кәрімқызы Ермекова (2 ақпан 1941 жылы туған, Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Токаревка кенті) – медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1995).

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1965, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген соң осында стажер-ізденуші (1965–66), кіші (1966–71), аға (1971–83) ғылыми қызметкер болып істеді. 1983 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі қызметін атқарады.

1980 ж. «Полиаллергия в эксперименте» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері теориялық және клиникалық аллергология мәселелеріне арналған. Ермекова 250 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы; 11 авторлық куәлігі бар. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1980).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Раиса Кәрімқызы Ермекова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}