Ражм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ражм, (Ражм жазасы) - Зина жасаған адамды тас атып өлтіру. Фикһ термині ретінде зина жасаған жесір, үйленген әйел немесе еркекті шариғат бойынша таспен ұрып өлтіру дегенді білдіреді. Бұл жаза, зина жасаған адамның үйленген немесе бойдақ болуына қарай: дүре, тас борату және сүргінге айдау болып өзгереді. Құранда Нұр сүресінде баяндалған зина жазасы екі түрде іске асады: Жүз дүре соғу және Ражм (таспен ұрып өлтіру) арқылы. Осы қылмысты жасаған еркек не әйелдің бойдақ болуы керек. Бұлардың жазасы жүз дүре соғу. Бұл үкім: «Зинаның үкімін маған қарап алыңдаРажм Аллаһ оларға бір жол көрсетті. Зина жасағандар бойдақ болса жүз дүре мен бір жылдық сүргін жазасы берілсін. Ал үйленген болса жүз дүре мен ражм жазасы берілсін» деген хадиске сүйенеді.

Бірнеше көзқарас

  • Шарахси «бұл үкім Нұр сүресі түскенге дейін күшінде еді. Нұр сүресі түскеннен кейін бойдақтарға тек дүре, ал үйленген дерге Ражм жазасы берілетін» дейді. Ханафилер бойынша бойдақтардың жүз дүресіне бір жылдық сүргін қосылмайды өйткені сүргін туралы аятта айтылмаған дейді.
  • Шафи мен Ханбали мазһабы бойынша бойдақтардың дүресіне бір жылдық сүргін қосылады. Дәлел ретінде жоғарыдағы хадисті келтіреді. Зинақор әйел болса күйеуімен (ер болса әйелімен) немесе зина жасаған адаммен сүргінге жіберіледі. Сонымен қатар сүргін жолаушы қашықтығынан жақын болмауы керек.
  • Фикһ қайнарларында бұл дүре соғылатын таяқтың қалыңдығы мен дүре соғу тәсілі туралы былай айтылған: Таяқ саусақ қалыңдығындай болуы керек. Дүре бас пенен бетке және жалаң денеге соғылмауы керек. Дүре соғатын адам таяқта иықтан жоғары көтермеуі керек.
  • Нұр сүресіндегі «Мүміндерден бір топ куә қастарында болсын» деген аятты тафсирші Елмалылы былай тафсир жасаған: Жазаны орындаушы амалды жаман жолға қолданбауы керек. Жаза көпшіліктің алдында ашық орындалады. Тарихта кейбір жазалар жасырын жасалғандықтан жауыздық секілді көрсетілген. Негізінде бұл жауыздық емес жаза деп білгеніміз жөн.

Шарттары

Ражм жазасы төмендегі шарттар болғанда ғана іске асады:

  1. Зина жасаған ер мен әйел балиғат жасына толуы керек.
  2. Ақылды болуы (ақыл есі болмаған адамға бұл жаза берілмейді).
  3. Үйленген мұсылман болмаған адамға тек дүре соғылады.
  4. Екі жақ зинаны ерікті жасаған жағдайда.
  5. Зина тірі адаммен жасалғанда.
  6. Әбу Ханифа бойынша, егер ақша үшін зина жасаған болса онда оларға Ражм жазасы берілмейді. Өйткені бұл махр арқылы неке құрғанмен бірдей. Жасаған амалдары харам. Оларға тек ескерту не дүре соғылады десе, Имам Мұхаммед пен Өбу Юсуф бұл жағдайда да оларға Ражм жазасы беріледі дейді (Омар Насуһи Билмен, Ыстылахаты Фыкһия Қамуси, Станбул, 1968, ІШІ97).
  7. Ислам мемлекеті болуы керек.
  8. Үші енген еркек не әйелдің бір рет болса да өз жарымен жыныстық қатынаста болуы шарт.

Егер де бұл шарттардың біреуі болмаса онда жаза жүз дүреге айналады. Ражм жазасымен өлген адамның мәйіті жуылып, жаназасы оқылады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub