Радиоэлементтеp
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Радиоэлементтеp (радилактивті элементтер)<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>– барлық изотоптары да радиоактивті табиғи және жасанды химиялық элементтер.
- Табиғи радиоэлементтеpдің қатарында Менделеев периодтық жүйесінің полонийден бастап (рет саны 84) уранға дейінгі (рет саны 92) аралықтағы бүкіл элементтері жатады;
- уран мен торий (рет сандары 92 және 90) радиоактивті тізбектердің көшбастаушы элементтері бола отырып, радиоактивті минералдар мен кендер түзеді;
- өзге табиғи радиоэлементтендің барлығы да сол уран мен торийдің ыдырау өнімдері болып табылады;
- бұлардың көпшілігі тез құритын изотоп болғандықтан (жартылай ыдырау мерзімі өте аз), олар табиғатга кездеспейді.
- Жасанды радиоэлементтендің түрлері:технеций (рет саны 43), прометий (рет саны 61) және актинидтер. Радиоэлементтенді табиғи және жасанды деп екі түрге бөлу шартты түсінік екендігін ескерген жөн. Мысалы, астат элементінің біршама ұзак сақталатын 85-інші изотопы алғаш рет жасанды жолмен алына тұрса да, кейінірек оның тез кұритын изотопы уран мен торий тізбектерінен анықталды; плутоний де әуелі жасанды түрде алынып, кейінірек уран кендерінен табылды және тағы басқа
Дереккөздер
<references/>