Радиокомитеттің қазақ хоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Радиокомитеттің қазақ хоры- республикадағы тұңғыш профессионал ұлттық көркемөнер ұжымдарының бірі (1933-1947). Б.А.Орловтың бастамасымен құрылды. Хор ұжымы құрамында (18-20 адам) өнерпаз халық таланттары: хор әншілері 3. Жұбатова, Қ. Байжанов, Мұстафина,Битенова, солистер Қ. Мұстафин, Ж.Қартабаева,Қ .Бабақов, домбырашы Баязитов, қобызшы Мықтыбаев, бассейннің шахталары мен кеншілерінің жұмысшылары т. б. болды. Хордың репертуарында Е.Брусиловский, А. Затаевич, М. Ержанов, В. С. Пирогова өндеген қазақдың халық әндері(«Ахау бикем», «Жеңеше-ай», «Маусымжан»),сондай-ақ орыс, кенес, шетел композиторларының қазақ тіліне аударылған («Полюшко», «Отан туралы ән» әндері, «Снегурочка», «Евгений Онегин», «Аида» т. б. опералардан хор) өндері болды.Радиокомитеттің қазақ хоры музыкалық хабарлар, такқырыптық концерттер, скетчтер ұйымдастырды, бұлар радио арқылы беріліп, шахталар мен кәсіпорындарында қойылды. Хор Алматы және Мәскеу қаларында болған халық шығармашылығының республикалық және бүкілодақтық олимпиадаларына бірнеше рет қатысты: 1937 ж. Қазақстан Қ(б) П-нын 1-съезі делетаттарының және 1938 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінін сайлауы карсаңындағы науқанға қатысушылардың алдында концерт қойды. Хор 2 рет (1936, 1938) Мәскеуде өнер көрсетіп, Бүкілодақтық радиодан, Колонналы залда, Одактар үйінде, зауыт және фабрика клубтарында концерт берді; 26 қазақ әнін тонфильм мен грампластинкаға жаздырды. Сондай-ақ хор ұжымы еліміздің көптеген қалаларында гастрольде болды.1935-1940 ж. хордың репертуары қазақтын 250 халық және қазіргі әндерінен құралды. Ұлы Отан соғысы жылдары бүкіл шаруашылық-саяси шараларға белсене ат салысып, еліміздегі барлық маңызды оқиғаларға үн қосып отырды. 1943-46 ж. Қарағанды бассейнінің 16 мыңкеншісінің, Нұра,Қаркаралы және Қу аудндарының 10 мың еңбеккерлерінің алдында концерт қойды. Табысты шығармашылык жұмысы және Қарағанды қаласының шахтерлері мен Қарағанды облысының еңбекшілеріне мәдени қызмет керсету ісіне сіңірген еңбегі үшін хорға қатысушы Қ. Байжановқа,3. Жубатовага ҚазақКСР-нің халық артисі Ж.Тоғандықовқа, А. Әлиеваға, А. Мұсабековаға, В. С. Пироговаға Қазаа КСР-нің еңбек сіңірген артисі атағы берілген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}