Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова — медицина ғылымының докторы (2006), профессор (2011), ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1968 жылы 31 наурызда Шымкент қаласында туған.

Алматы медицина институтын (1991, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Қайнар университетін (1999), Қазақ-Өзбек инженерлік гуманитарлық университетін (2004) және Ана мен баланың ғылыми-зерттеу орталығының аспирантурасын бітірген.
"Фосфор" медициналық-санитарлық бөлімінде дәрігер, акушер-гинеколог (1991-1996), Қайнар университетінің Оңтүстік Қазақстандағы бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1998-2000), Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ассистенті (1999-2003), Қазақ-Өзбек инженерлік гуманитарлық университетінде декан, проректор (2000-2005), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ізденуші (2000-2005) қызметтерін атқарған. 2005 жылдан Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Научные основы реформирования образовательного процесса в медицинском вузе" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 5 әдістемелік құралдың авторы. 3 патент, 2 алдан ала патент, 3 авторлық куәліктің иегері.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтеме