Рабиндранат Тагор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Writer Рабиндранат Тагор (Үлгі:Lang-bn, Үлгі:Lang-en, 7 мамыр 1861 — 7 тамыз 1941, Калькутта, Британдық Үндістан) — үндінің ұлы ақыны мен жазушысы, сазгер әрі суретші, қоғам қайраткері. Азия жазушыларының арасындағы алғаш Нобель сыйлығының иегері.<ref name="ел">Тагор шығармаларымен тамсантқан – «Қызыл шұғыла» — Ел газеті, 14.05.2011.</ref> Нобель комитеті белгілегендей, Тагордың ерекше рухани шығармалары мен жеке дара харизмасы оның Батыс қоғамы көзқарасындағы әулие бейнесін қалыптастырған.<ref>Tagore and His India — Nobelprize.org.</ref>

Тагор өлең жазуды 8 жасында бастаған.<ref>Rabindranath Tagore, Pratima Bowes. Songs and Poems. Transl. by P. Bowes. — East-West Publications (U.K.) Ltd. 1984. isbn = 085692055X</ref> 16 жасында ол өзінің алғашқы новеллалары мен драмаларын жазады, ақындық туындыларын Күн Арыстаны (Үлгі:Lang-bn) бүркеншік атымен басып шығарады.<ref name=Thompson>Edward Thompson. Rabindranath Tagore — Poet and Dramatist. — Pierides Press, 2007 (бірінші басылым 1926). isbn = 978-1406789270</ref>

Тагордың мұрасын елуден астам дастандар мен өлеңдер жинағы («Гитанджали», «Го́ра», «Үй мен әлем»), романдар мен драмалар, жүзге жуық әңгімелер, көсемсөз, пьесалар, философия саласындағы жұмыстары, мектеп оқулықтары, аудармалар құрайды. Оның қаламұшы астынан «Халық рухы» атты Үндістанның және «Менің алтын Бенгалиям» атты Бангладештің ұлттық әнұрандары шыққан. Сонымен қатар, 67 жастан бастап ол суретшілік, кескіншілік өнермен айналыса бастаған.<ref name="ел"/>

Сондай-ақ, Тагор Вишва Бхарати университетінің және Ауыл шаруашылығын қайта құру институтының ұйымдастырушысы болған. Адамгершілік пен туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін бойына сіңген Тагор өмір бойы Үндістан тәуелсіздігінің жақтаушысы болған.

Өмірбаяны

Балалық пен жастық шақтары (1861—1877)

Сурет:Rabindranat Tagore 1873.jpg
Рабиндранат 12-13 жасында

Рабиндранат Тагор Калькуттаның солтүстігінде орналасқан Джорасанко Тхакур Бари алпауыт қожалығында дүниеге келді. Ол Дебендранатх Тагор (1817—1905) мен Шарада Девидің (1830—1875) кенже баласы болды.<ref name=Dutta>Dutta K., Robinson A. Rabindranath Tagore: The myriad-minded man — Bloomsbury, 1995. isbn = 0747520046</ref> Тагорлар тегі өте көне болып есептеледі, бабалардың біреуі — Ади Дхарм — жаңа діннің қалаушысы болып табылады. Рабиндранаттың әкесі брахман болғандықтан, Үндістанның әулие жерлеріне жиі сапар шеккен. Анасы, Рабиндранатқа 14 жас толғанда, қайтыс болады.<ref name=Thompson/>

Тагорлар әулеті өте әйгілі болды және ірі жер қожалығын иеленді. Олардың үйіне талай көрнекті жазушылар, музыканттар мен қоғам қайраткерлері келіп тұрған болатын. Рабиндранаттың ең үлкен ағасы Двиджендранатх математика, музыка мен поэзиямен айналысқан, ал ағалары Диджендранатх пен Джотириндранатх танымал философтар мен драматургтер болған. Рабиндранаттың жиені Обониндранатх қазіргі бенгалдық сурет өнерін қалаушылардың бірі болып есептеледі.<ref name=Tagor>Рабиндранат Тагор. Собрание сочинений. — М.: Государственное издательство художественной литературы, 1961.</ref>

5 жасында Рабиндранат Шығыс семинариясына оқуға барды, кейін Қалыпты мектебі деп аталатын оқу орнына аударылды.<ref name=Tagor/> 1873 жылы 14 ақпанда Тагор әкесімен Калькуттадан шығып, бірнеше ай бойы саяхатқа бөленді. Олар Шантиникетан әулеттік жер қожалығына кіріп шығып, Амритсарда тоқтаған болатын. Жас Рабиндранат тарих, арифметика, геометрия, ағылшын тілі мен санскритті және басқа пәндерді оқып, Калидаса шығармашылығымен танысып, жақсы деңгейлі үйдегі білім алыпты. Өзінің «Естеліктерінде» Тагор келесіні еске түсіреді:<ref name=Dutta/><ref name=Tagor/>

Үлгі:Start citationРухани тәрбие бізге сәттілікпен берілген болатын, себебі бала шағымызда біз туған, бенгал тілінде дәріс алдық… Барлық жерде ағылшындық тәрбие беру керектігі жайында қайталанып отырса да, менің ағам бізге «бенгалдық» білімін беру ойын берік ұстанды.Үлгі:End citation

Алғашқы жарияланымдары және Англиямен таныстық (1877—1901)

Сурет:Tagore in London 1879.jpg
Англияда, 1879 жыл
Сурет:Rabindranath-Tagore-Mrinalini-Devi-1883.jpg
Әйелі Мриналини Девимен бірге, 1883 жыл

Вишнулік поэзияға шабыттанып, 16 жастағы Рабиндранат майтхили стиліндегі поэма жазады және оны «Бхароти» жорналында Бхану Шингхо атымен жариялайды. Түсініктемеде поэма XV ғасырда жазылып, қолжазбасы ескі мұрағатта табылған деп келтірілді; сарапшылар шығарманы жақсы қарсы алды.<ref name=Kripalani>Крипалани К. Рабиндранат Тагор. Жизнь замечательных людей. — М.: Молодая гвардия, 1983.</ref> 1877 жылы аталған жорналда «Үлгі:Comment» атты шығармасы жарияланады, бұл бенгал тіліндегі алғашқы әңгіме болып есептеледі.<ref name=Chakravarty>A Tagore reader. Ed. by Amiya Chandra Chakravarty. — Beacon Press, 1966. isbn = 9780807059715</ref>

1878 жылы Тагор Брайтонның бұқаралық мектебіне түсті. Кейін ол Лондонның Университеттік колледжінде құқықты оқуды бастады. Бірақ аз уақытта оны тастап, ағылшын әдебиетін (Шекспир, Томас Браун, тағы басқалар) зерттеуіне көшті.<ref name=Thompson/> Рабиндранат ғылыми дәрежесін алмай, 1880 жылы Бенгалияға оралады.

1882 жылы ол «Кешкілік әндер» жинағын, ал 1883 жылы «Таңғы әндер» жинағын жазып шығарады.

1883 жылдың 9 желтоқсанында Рабиндранат Тагор өзі сияқты брахмандар әулетінен шыққан Мриналини Девиге (Бхабатарини, 1873—1902) үйленеді. Оларда бес бала туады: қыздары Мадхурилата (1886—1918), Ренука (1890—1904), Мира (1892—?), және ұлдары Ратхиндранатх (1888—1961) пен Саминдранатх (1894—1907).<ref name=Dutta/><ref name=Kripalani/> 1890 жылы Тагорға Шилайдах атты орасан зор жер иелігі басқаруына берілді, сегіз жылдан кейін әйелі мен балалары да осы жерге келеді.

1890 жылы Тагор өзінің ең белгілі туындылардың бірін — «Сүйіктінің бейнесі» поэмасын — жариялайды. Кейінгі жылдары Тагор әулеттің жер қожылығын аралап, ондағы ауылдық тұрғындармен қатынасқан болатын. 1891—1895 жылдары ол Бенгалияның ауылдық тұрмысын және басқа да мәселелерді кекесінмен әрі байсалдылықпен кескіндеген әңгімелерді шығарады.<ref name=Dutta/>

Шантиникетан және Нобель сыйлығы (1901—1932)

Сурет:Tagore-THU.jpg
Цинхуа университетінде, 1924 жыл

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Commons