Пірәлі Ханалыұлы Әлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Пірәлі Ханалыұлы Әлиев (Үлгі:Lang-kk; 13 қаңтар 1984, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Алматы футболының түлегі. 2002 жылы "Қайрат" жастар клубында карьерасын бастады. Бірақ "Қайраттың" бас командасында ойнай алмай, 2005 жылы "Атырауға" жалға берілді.

2006-07 жылғы маусымды "Астана-1964" сапында өткізіп, 2006 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

2008 жылы туған клубы "Қайратқа" қайта оралды. 2008 жылы қаңтар айында ағасы Әли түркиялық клубтардың біріне ауысуға ұсыныс жасағанымен, жарақаты кедергі болды.

Кейін бірнеше қазақстандық клубта ойнап, 2019 жылы "Атыраудан" "Қызылжарға" ауысты.

Қазақстан жастар құрамасында ойнаған. 2005 жылы Ұлттық құрамаға да шақыртылды. Бірақ өте сирек шақырылып, көптің есінде қалатындай ойын көрсете алмады.

Жеке өмірі

Пірәлінің тегі түрік. Ағасы Әли Әлиев те футболшы, қазір бапкерлікпен айналысады.

Пірәлі үйленген, төрт перзенті бар.

Жетістіктері

«Астана-64»
  • Қазақстан чемпионы: 2006
  • Қазақстан кубогының финалисі: 2006
«Атырау»
  • Қазақстан кубогы: 2009

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама