Пірманов Әділхан Батырханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пірманов Әділхан Батырханұлы(1955 жылыт.) — "Атамұра" баспасының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. ҚазМУ-дың тарих факультетін бітірген. 1977-85 жылы ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында, ҚР ҰFA-ның Ш.Уәлиханов атындағы Тарих жоне этнология институтында ғылыми қызметкер, 1986—91 жылы «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 бас редакциясында редактор, 1992 жылдан "Атамұра" баспасында редактор, 1994 жылдан бас редактор. "Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасу тарихынан" кандидаттық диссертация қорғады. Қырықтан астам ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалар мен монография авторы. Ол еліміздің тарихи өткен жолын, ғылымы мен мәдениеті, өнері саласындағы аса үздік табыстарын бейнелейтін іргелі энциклопедиялық басылымдар шығаруға үлес косты. Төрт томдық кысқаша "Қазақ ССР", бір томдық "Шаңырақ" аталатын үй-тұрмыстық энциклопедиялық басылымын, "Абай", "Акмола", "Атырау", "Мангыстау" энциклопедияларын әзірлеп шығаруға катысты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін араға небәрі бір жарым ай салып 1992 ж дүниеге келген "Атамұра" бүгінде кеңінен танымал үлкен корпорацияға дейінгі өсу жолында алғашқы күннен бастап еңбек етіп келеді. "Атамұра" баспасының тарихи-этнографиялық бағыттағы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, сөздіктер, энциклопедиялық анықтамалықтар, көркем, ғылыми басылымдар шығару ісіне ат салысты. Ұлттық этнография гьлымының көшбастаушысы болған Х.Арғынбаев пен М.Мұқанов сынды ғалымдардың "Қазақ шежіресі хақында" зерттеу еңбегін, академик М.Қ.Қозыбаев жайлы кітап құрастырып, жарыққа шығарды. "Атамұра кітапханасы" сериясымен шыгып жатқан басылымдарды әзірледі. Көне заманнан бүгінге дейінгі бес томдық "Қазақстан тарихының" томдарын баспаға дайындады және оның үшінші томы авторларының бірі болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}