Пікірсайыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пікірсайыс — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірсайыс — ғылыми жұмысты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірсайыс барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірсайыс әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады. Пікірсайыс әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}