Пётр Кириллович Эссен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эссен Петр Кириллович (1772 – 1844) – патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау әкімшілігінің өкілі, инфантерия генералы (1819), граф (1833). Наполеонға қарсы әскери компанияға қатысқан (1814 – 15). 1817 – 29 ж. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы, жеке Орынбор корпусының командирі, шекара комиссиясының бастығы болды. 1822 ж. Кіші жүзді жаңаша басқару мақсатындағы заң жобасын дайындады. Оның жобасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия департаментінде қаралып, 1824 ж. бекітілді (қ. “Орынбор қырғыздары туралы жарғы”). Осы жылдан бастап Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Хандық билік Бөкей ордасында ғана 1845 жылға дейін сақталып, Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімш-нің жаңа жүйесі енгізілді. Эссен Ресейдің Орталық Азия хандықтарымен сауда және саяси байланыстарының нығайуына ат салысты. Оның ұсынысы бойынша, Бұхара мен Хиуаға бірнеше сауда және дипломат. миссиялар жіберіліп, Орт. Азия мен Қазақстанның тарихы, этнографиясы, экономикасы және географиясы зерттелді. Эссен 1829 – 42 ж. мемл. кеңестің мүшесі, Санкт-Петербургтың әскери генерал-губернаторы болды. 1842 ж. отставкаға шықты.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пётр Кириллович Эссен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}