Псориаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Псориаз немесе Қабыршықты темiреткi — созылмалы жұқпайтын сырқат, дерматоз. Көбіне тері зақымданады. Соңғы кезде бұл аурудың аутоиммунды этиологиясы көп қарастырылады<ref>Plaque Psoriasis: eMedicine Dermatology</ref>.

Симптоматикасы

Ауруға шалдыққан адамның денесінде қызыл, құрғақ, терінің деңгейінен сәл жоғары көтеріліп тұрған дақтар — папулалар пайда болады. көбіне бірнеше папула бірігіп, бляшкаларды құрайды.Бұл папулалар терінің лимфоциттердің, макрофагтардың және кератиноциттардың ясозылмалы қабынуы мен шектен тыс Пролиферациясының саласынан пайда болады. Сонымен қатар терінің сыртөы өабатындағы майда капиллярлардың ангиогенезы.

Суреттері

Қабыршықты темiреткiнiң негiзгi емi

Антигистаминдiк және сенсибелизациялайтын (бөгде заттары сезiмталдықты төмендететiн) дәрiлер, тыңайтатын дәрумендер қабылдау және тәндi тазалайтын шаралар қолдану, арақ-шарап iшуден, темекi шегуден аулақ болу, салауатты өмiр салтын ұстану.

Емнiң шипасы

Сырқаттың бауыр, өт жолында, жалпы тәнiнде қабыну болмауын, көңiл күйiн қалыпты (торықпаудан ада) жағдайда ұстау, осы кеселдерден айығудың бірден бір емі.Бұл жараның тұқым қуалауы да мүмкiн. Әкесi не шешесi “қабыршықты теміреткiден” зардап шегіп жүргендер салауатты өмiр салтын ұстанып, күтiнiп, сақтанып жүруi тиiс.Жалпы бұл дерттің пайда болуының негізгі себебi белгiсiз. Дегенмен, оған алғышарт жасайтын инфекциялық аурулар, күйзелiс (торығу-стресс) және тұқым қуалаушылық сияқты факторлар екенi даусыз.“Қабыршықты темiреткi” созылмалы сырқат болғандықтан, бiрден жазылып кетпейдi. Алайда, оның емделiп, күтiнiп жүрген жағдайда ремессия-лық кезеңi, яғни, бетi қайтып, байқалмай жүретiн кезеңi ондаған жылға созылуы да мүмкiн. Сондықтан, дерттің алдын орап, алдын ала сақтанып, салауатты өмiр салтын ұстануға машықтану, жай-күйдің де қалыпты жағдайда болуына негіз қалары сөзсіз<ref>[1]</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама