Психосемантика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психосемантика (психо... және Үлгі:Lang-el — белгілеуші) — қабылдау, ойлау, жад, шешімдер қабылдау процестеріне негіз болатын мағыналардың индивидуумдық жүйесінің генезисін, түзілімін және функция атқаруын зерттейтін психология саласы. Психосемантика индивидуумдық санада мағыналардың (бейнелер, символдар, символдық. әрекеттер, сондай-ақ белгілік және вербальдық нысандар) болуының әр түрлі нысандарын зерттейді, субъектіде қалыптасатын мағыналар жүйесіне мотивациялық факторлардың және субъектінің эмоциялық күйінің ықпалын талдайды. Эксперименттік психосемантиканың негізгі әдісі индивидуумдық сананың категориялық құрылымдарының модельдік түсінігі болып табылатын субъективтік семантикалық кеңістіктерін құруға саяды. Психосемантика категориялану процесінің жалпы психологиялық, сондай-ақ дифференциалдық-психологиялық аспектілерін зерттейді. Соңғы жағдайда психосемантиканың міндеті — белгілі бір индивидтің әлем туралы түсініктерінің жүйесін оның индивидумдық мағыналары мен тұлғалық мәндер жүйесін қайта құру жолымен қайта құрылымдау болып табылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}