Психологиялық үйлесімділік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әртүрлі топтар мен ұжымдағы адамдар арасындағы тіл табысушылық, мұндағылардың өз ісінен рақат, ләззат алу, бейжай болуына себепші болатын психологиялық көңіл-күйі. Toп мүшелерінің бір-бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни бірінің іс-қылығы екіншісіне ұнайтын болса, бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса — онда психологиялық үйлесімділіктің болғаны. Ал мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің қарекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де кейде қолдау таппайды, бірі екіншісін түсінбейді. Адамдар арасындағы көзқарас пен сенім бірлігі, не оның әртүрлілігі, мүлделері мен мінез бітістерінің, темперамент ерекшелігінің қарама-қайшылығы да үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздікке де себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркөкірек болса да топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды. "Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" — деп халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың бірер мүшесінің міндеті осындай болып келсе тіпті қиын. Кейде топтың жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға бірден-бір себепші болады. Кісі топ ішінде өз орнын біреуге жалбақтап, жарамсақтану, не жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен сүйкімді, қадір-қасиетімен, ашық жайдары мінезімен табады. Топқа үйлесу үшін адамның тиімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығы да қажет. Сондай-ақ кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторын да ескермесе болмайды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}