Психологиялық диагноз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психологиялық диагноз (Үлгі:Lang-el - танып білу) — дәрігердің жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап, анықтауға бағытталған қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық қараудың міндеттеріне орайлап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Психологиялық диагноздың пәні — қалыпты күйдегі, сондай-ақ патологиядағы даралық-психологиялық айырмашылықтарды анықтау. Педагогикалық диагноздың аса маңызды элементі — әрбір нақты жағдайда қаралушының мінез-құлқында белгілі бір көріністердің неліктен байқалатынын, олардың себептері мен салдары қандай қажетті екендігін анықтау. Психодиагностиканың құралдары арқылы белгілі бір даралық-психологиялық ерекшеліктерді анықтаған зерттеуші дегенмен, олардың себептерін, жеке тұлғаның құрылымындағы орнын тікелей көрсете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Выготский нышандық (немесе эмпириялық) диагноз деп атайды; ол белгілі бір ерекшеліктерді не нышандарды көрсетумен шектеледі, осылардың негізінде тікелей практикалық қорытындылар жасалады. Выготский мұндай диагноздың анығында ғыльіми емес екенін, өйткені нышандарды анықтағаннан диагноз өздігінен жасалмайтынын атап көрсетті. Педагогикалық диагноздың дамуындағы екінші кезең этнологиялық диагноз болып табылады; мұнда жеке бір тұлғаның белгілі бір ерекшеліктерінің болуы ғана емес, неден болған себептері де ескеріледі. Ең жоғары деңгей — типологиялық диагноз, ол алынған мәліметтердің жеке тұлғаның тұтас, динамикалық бейнесіндегі орны мен маңызын анықтауға саяды. Диагноз болжамдаумен ажырағасыз байланысты. Выготскийше болжам мен диагноздың мазмұны ұқсас, алайда болжам даму процесінің өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын терең білуге, өткені мен қазіргісінің негізінде даму жолын анықтауға жеткізеді. Болжамды жекелеген кезеңдерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созылатын қайталама бақылаулар жасалу ұсынылады. Психологиялық диагноз теориясын дамыту отандық психодиагностиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}