Психогигиена

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психогигиена (психо... және Үлгі:Lang-el — емдік) — дені сау адамдарды психикалық жүйке ауытқушылығынан, психикалық зақымнан сақтандыру үшін арнайы көмек көрсететін медициналық психология саласы. Адамның психикалық дамуына және күйіне, жұмыс қабілетіне, өмірінің ұзақтығына оң және теріс әсер ететін әлеуметтік, тұрмыстық, өндірістік, психологиялық және т.б. жағдайларды зерттейді. Психогигиенаның мақсаты — қиыншынық кезде және күнделікті әурешілікте адамның жүикесін жұқартатын, психикалық ауытқушылыққа ұшырататын психоз бен невроздан сақтандыру.

Психогигиена және психопрофилактика

Медициналық психологияның салалары, жүйке психикалық жәнс психосоматикалық аурулардың алдын алу, сондай-ақ психо-жарақаттық шұғыл реакцияларды жеңілдету мақсатында, іс жүзінде сау адамдарға мамандандырылған көмек көрсету міндетін атқарады. Психогигиена және психопрофилактиканың әдістеріне консультациялық орталықтар, сенім телефондары және сау адамдарға психологиялық көмек көрсетуге бағдарланған басқа да ұйымдардың шеңберінде жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс, тәуекел топтары деп аталатындарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатындағы жаппай қараулар, тұрғындарға ақпарат беру және т.б. қамтылады. Қазіргі уақыттағы психогигиена мен психопрофилактиканың арнайы міндеттері — отбасылық, оқулық және өндірістік сипаттағы дағдарысты жағдайларда адамдарға көмек көрсету, жаңа отау болған және ажырасуға бет алған отбасылармен жұмыс жүргізу және т.б.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}