Процессинг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Процессингтрансляция мен транскрипцияның алғашқы туындыларын қызмет ете алатын молекуларға айналдыратын реакциялар жиынтығы. Процессинг кезінде РНҚ алғашқы туындыларының екі шетіндегі азот негіздерінің артық тізбектері кесіліп тасталады. Эукариот торшаларында процессинг ерекше түрі — сплайсинг табылған, мұндайда кодталған мәліметі жоқ (интрондар) РНҚ молекула-туындысының белгілі бір жерлері кесіліп алынады, ал генетикалық мәлімет таситын (экзондар) жерлері бір-бірімен жалғанып РНҚ-ң жетік түрін жасайды. Процессингке алғашында полипротеин-туындысы түрінде түзілетін басқа да ақуыздар ұшырайды. Бұл жағдай олардан активті ақуыз алу үшін қажет.

Жалған агглютинация

Жалған агглютинация — бактериялардың, эритроциттердің, лейкоциттердің т. б. жүзінді бөлшектердің жабысып, тұнуы. Бірақ мұндай агглютинация антиген мен антиденелердің арнайы байланысынан емес, тұздар концентрациясының, рН, температураныц өзгеруінен немесе басқа факторлардың әсерінен туады.

Жалған вириондар

Жалған вириондар — өз нуклеин қышқылының орнына торшаның нуклеин қышқылын енгізіп алған вириондар. Олардың жануарлар жұқпалы аурулардағы орны белгісіз. Дегенмен кейбір жануарлар вирустары тобында (мысалы полиомавирустар) жалған вириондар саны көбірек болады.

Жалған түрлер

Жалған түрлер — бір вирустың нуклеин қышқылы мен екінші туыстас вирустың ақуыз қабығынан тұратын вириондар. Олар аралас зақымданған торшаларда пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе сыртқы ақуыздарың кодтайтын бір немесе бірнеше гендерін жоғалтқан ақау вирустардың биологиялық қасиеттерін сақтауға көмектеседі.

<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Процессинг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}