Прорва - Сарықамыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прорва-Сарықамыс - Оңтүстік Ембінің ірі мұнай кәсіпшілігі, бұрынғы балықшылар кенті.

Сарықамыс Прорва кенорнын және оған жақын орналасқан өзге де кенорындары игерген мұнайшылар мен бұрғылаушылардың қалалық типтегі негізгі кенті болды. Каспий теңізінің шығыс жағасына жақын. Мақаты-Ақтау жол тарамындағы темір жол станциясы және аудан орталығы Құлсарының оңтүстік-батысында орналасқан. Қаратон мұнай кәсіпшілігінің оңтүстік-батысы мен шығысында іздестірумен және барлаумен айналысатын мұнай барлаушылардың орталық кенті ретінде 1959 жылы пайда болды. Орталық Прорва және Шығыс Прорва ірі газ-мұнай кенорындарының негізінде 1962 жылы дербес мұнай кәсіпшілігі болып іргетасы қаланды. Осы кенорында 1960 жылы №1 ұңғымадан қуатты газ-мұнай бұрқағы атқылаған еді. 1963 жылы газ-мұнай өндіруші "Прорванефть" басқармасы ұйымдастырылды, кейін ол "Теңізмұнайгаз" АҚ-ның құрамына, ал кейінірек "Ембімұнайгаз" АҚ-ның құрамына кірді. Бұрынғы балықшылар кенті, Прорваның шығыс жағында 25 км жердегі Сарықамыс кенті осы кәсіпшіліктің орталығы болып табылады. "Прорванефть" кәсіпшілігінің (Сарықамыс кенті) инфрақұрылымы 60-жылдарда қалыптаса бастады. "Прорванефть" сонымен қатар Батыс Прорва (1978 жылдан игерілуде), Ақтөбе (1979 жылдан игерілуде), Досмұхамбетов (1980 жылдан игерілуді) мұнай кенорындарын игеруді іске асырып келеді. Теңіз кенорнын игеруге байланысты Сарықамыс кенті санитарлық белдем ауқымында қалды (күкіртсутектің әсері), сондықтан бұл кенттің тұрғындарын 2005 жылдан қалдырмай аудандағы өзге елді мекендерге көшіруге шешім қабылданды.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}