Прокуратура органдарының кадрлары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прокуратура органдарының қызметкерлігіне денсаулығына қарай жұмыс істеуге жарамды, жоғары білімі бар азаматтар қабылдануы мүмкін. Бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен қуылған прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау органы, әділет министрлігіндегі қызметкерлер прокуратура органында жұмыс істей алмайды.

Әскери прокурорлар, бұған қоса, әскери қызметшілер болуы керек. Облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың, аудандық қалалық және оларға теңестірілген прокурорлардың прокурорлығына жасы 25-ке толған, прокуратура органдарында кем дегенде үш жыл еңбек өтілімі бар адамдар тағайындалады. Прокуратура органдарының қызметкерлері үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына бірінші рет қызметке алынып отырған адамдар ант қабылдайды. Прокурорлық қызметкерлерді аттестациялау олардың істеп отырған қызметіне лайықтылығын немесе сәйкес келмейтіндігін анықтауға, сондай-ақ қызметін жоғарылату, кезекті дәрежелік шен беру жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Олардың:

  • ату құралдарын және оқ-дәрілерді алуға, алып жүруге және сақтауға;
  • Республиканың Бас прокуроры белгілеген тәртіп бойынша қорғануға қажет болған және өте мәжбүр болған жағдайда ату құралын қолдануға құқығы бар.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына

арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}