Программаның блок-схемасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Flowchart example.png
Мысалы, факториал есептелген алгоритмның блок-схемасы

Программаның блок-схемасы (Блок-схема программы; flowchart) — енгізу-шығару және шешім қабылдау операциялары үшін стандартты графикалық кескіндер жинағын пайдаланатын программаны әзірлеу тәсілі. Блок-схемасы әрекеттердің жүзеге асырылу тізбегін көрсетеді. Блок-схемасы көбінесе басқа әдістер (мысалы, шешімдер бұтағы немесе шешімдер кестелері) арқылы дайындалады. Жүйелі талдауда қандай да бір үлкен жобаны әзірлеудің алғашқы сатысында блок-схема пайдаланылады. Мысалы, үлкен электрондық машинаны әзірлеу кезінде. Мұндай блок-схемада машинамен де, оператормен де жүзеге асырылуға тиісті әрекеттердің тізбегі көрсетіледі. Блок-схемасы программа жүзеге асыруға тиісті қадамдарды анықтау үшін қызмет етеді. Әдетте, блок-схема кіріс-шығыс сигналдарын, іске асыратын әрбір алуан түрлі кіріс мәліметтерінің әрекеттерін, программаны секцияға бөлуді және пернетақтадан берілетін команда бойынша программа үзілетін нүктелерді белгілеуден басталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Программаның блок-схемасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}