Проблемалық корреспонденция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Проблемалық корреспонденцияпроблемалық, түйінді мәселелер жайлы жазылатын корреспонденцияның айрықша түрі. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.

Мұнда журналист мәселеге жан-жақты әрі терең талдау жасайды. Сондай-ақ оқиға барысының баяндалуы мен оны қорытындылау анағұрлым күрделі болуы тиіс. Проблемалық корреспонденция күрделілігі және маңыздылығы жөнінен ауқымды әрі салмақты болып келеді, ал жедел және суреттеме корреспонденциялардың тақырыбы шағын және шектеулі болып келеді. Онда оқиға дәйектерін талдау, оның себептерін ашу, оларды түйіндеу арқылы ой-пікілердің туындауы жиі кездеседі.

Корреспонденциядағы түйін оқиғаның қорытындысы журналист көзімен түйінделеді.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}