Прецедент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прецедент - бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай оқиға, жағдай, әрекет.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Ұқсас жағдайлар туындаған кезде, үлгі ретінде қарастырылатын белгілі бір жағдайдағы тәлім-жосық.

Coт прецеденті — соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім.

Соттың үлгі боларлық өнегесі оның міндеттілігін мойындайтын елдерде, құқық кезі болып табылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Прецеденттік құқық

Құқықтың негізгі көзі ретінде сот өнегесі мойындалатын құқық жүйесі, яғни әлдебір іс бойынша шығарылған шешім, соған ұксас істі қарастыру кезінде тең және төмен сатыдағы барлық соттар үшін міндетті болып саналады.

Бұл жүйе сотқа, тиісті заңның болмауы жағдайында ғана емес, сондай-ақ айқын нормалар жетіспеушілігі болған кезде, құқықтық шығармашылық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ұлыбритания (Шотландияда өздерінің ерекше құқығы әрекет ететіндіктен, дәлірек айтқанда Англия үшін), АКДІ және ағылшын құқығын қабылдаған басқа елдерге тән. Өнегелі құқық аясында: жалпы құқық және әділеттілік құқығы түріндегі екі тармақ қалыптасты.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Прецедент|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}