Премьер-министрдің кеңсесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Премьер-министрдің кеңсесі<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref>, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі — үкімет басшысының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Үкімет пен Премьер-Министрдің жұмысын ұйымдастырумен қатар мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, жұмысын бақылап отырады, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өкілетті орган болып табылады. Кеңсенің міндетіне Премьер-министр мен Үкімет жұмысын ақпараттық, талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; мемлекеттік органдардың Үкімет пен Премьер-министрдің актілерін даярлау мен орындау барысындағы қызметін үйлестіру және Үкіметке берілген Президент тапсырмасы мен актілерінің, Үкімет пен Премьер-министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау; Үкімет басшысы мен орынбасарларының халықаралық кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру және халықаралық шарттарды даярлауға және іске асыруға қатысу; Премьер-министр мен оның орынбасарларына республиканың немесе қандай да бір шетелдік мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жай-күйі, даму деңгейі жайында ақпарат беру; саяси мемлекеттік қызметшілермен, Үкімет тағайындайтын не қызметке ұсынатын орталығы және жергілікті атқару органдары басшыларымен кадрлық жұмыс жүргізу, т.б. жатады. Кеңсе басшысын Премьер-министрдің ұсынысымен ҚР Президенті тағайындайды. Ол Кеңсенің қызметі мен атқарған жұмыстары үшін жеке басымен жауап береді, өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды, жұмысқа қабылдайды, Кеңсенің штаттық кестесі мен құрылымдық бөлімдері ережелерін бекітеді, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасқа түскенде Кеңсе атынан өкілдік етеді. Кеңсе басшысының орынбасарларын, құрылымдық бөлім басшылары мен олардың орынбасарларын, Премьер-министрдің көмекшілері мен кеңесшілерін және бас инспекторларды Кеңсе басшысының ұсынысымен Үкімет тағайындайды. Олардың өкілеттіктері мен қызметтік жағдайы және Кеңсенің барлық мәселелері ҚР Премьер-министрі Кеңсесі туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі Ережемен айқындалған.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Премьер-министрдің кеңсесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}