Президентінің Істер Басқармасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

(1995- ) Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің бірыңғай Аппараты "Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы" 1991 ж. 25 маусымда қабылданған Қазақ КСР Заңына сәйкес құрылды. ҚР Президентінің 1994 ж. 13 сәуірдегі Жарлығымен бірыңғай Аппарат ҚР Президенті Аппараты мен ҚР Министрлер Кабинетінің Істер Басқармасына бөлу жолымен таратылды.

ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚР Президентінің 1995 ж. 20 қазандағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы" ҚР Президентінің 1995 ж. 20 қазандағы № 2565 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1995, № 33, 412-бап). 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2000 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БУ "Эдельвейс", 2004. 57-61 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> қүрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 26 қаңтардағы Жарлығымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 24 наурыздағы № 89 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 26 қаңтардағы № 542 Жарлығы (Ағым- дағы мүрағат).</ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің қүрылымына өзгерту енгізілді. "Парла- мент Сенатындағы Президент Өкілі, ПарламентМәжілісіндегі Президент Өкілі" жолдары мынадай редакцияда мазмүндалды: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі".

ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 805 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 6, 40-бап).</ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туратуы жаңа ереже бекітілді. ҚР Президентінің Әкімшілігі Республика Презнденті қүратын, қайта үйымдастыратын және тарататын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Әкімшіліктің негізгі міндеттері: Президенттің, мемлекет Бас- шысы жанындағы консультативті-кеңес органдарының қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың қызметін жалпы ба- қылау, соның ішінде актілер мен мемлекет Басшысының тап- сырмаларының орындалуына бақылау жасау; Республика Президентінің шешімдерін сөзсіз, түбегейлі және уақтылы орындау; Республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жағдайы туралы уақтылы әрі толық хабардар ету болып табы- лады.

Президент Әкімшілігінің қүрылымын оның бөлімшелері, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңестік орган- дардың аппараттары қүрады. Президент Әкімшілігінің қүрамына Әкімшілік Басшысы, Президенттің көмекшілері, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары; Президенттің кеңесшілері, мемлекет Басшысы қызметтеріне тағайындап және қызметтен босататын Президент Әкімшілігінің қүрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Президент Әкімшілігінің өзге де мемлекеттік қызметшілері кіреді. ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штаттық саны мен қүрылы- мы туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімішлігінің штаттық саны мен мынадай қүрылымы бекітілді: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Президенттің көмекшілері; Әкімшілік Басшысының орынбасарлары; Президенттің кеңесшілері; Кеңсе; мемлекеттік-қүқықтық бөлім; ішкі саясат бөлімі; үйымдастыру-аумақтық бөлімі; Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы; баспасөз қызметі; Жүйелі зерттеу орталығы; әлеуметтік-экономика- лық талдау бөлімі; протокол қызметі; кадр жүмысы бөлімі; Бас бақы- лау инспекциясы; Президенттің Парламенттегі өкілдігі; бухгалтерия. ҚР Президентінің 2002 ж. 8 мамырдағы Жарлығымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 8 мамырдағы № 868 Жарлығы (Ағым- дағы мүрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің қүрылымы Қазақстан халықтарының Ас- самблеясымен жүмыс жөніндегі бөліммен толықтырылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы Жарлығымен<ref>6 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерту енгізу тура- лы" ҚР Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 939 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің қүрылымы жаңа редакцияда мазмүндал- ды: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Президенттің көмекшілері; Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президент кеңесшілері; Кеңсе; мемлекеттік- қүқықтық бөлім; ішкі саясат бөлімі; үйымдастыру-бақылау бөлімі; баспасөз қызметі; Жүйелі зерттеу орталығы; әлеуметтік-экономи- калық талдау бөлімі; хаттамалық қызметі; кадр жүмысы бөлімі; Президенттің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің "Байқоңыр" айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты; бухгалтерия. ҚР Президентінің 2003 ж. 7 қаңтардағы Жарлығымен<ref>7 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚРПрезидентінің 2003 ж. 7 қаңгардағы № 1014 Жарлығы (Ағым- дағы мүрағат). </ref>ҚР Президенті Әкімшілігінің қүрылымы конфессионаларалық қатына- стар жөніндегі бөліммен толықтырылды.

ҚР Президентінің2003 ж. 16 мамырдағы Жарлығымен<ref>8 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 1094 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 20, 201-бап). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігі туралы ережеге толықтыру енгізілді: Әкімшілік қүрылымына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы енгізілді. ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Әкімшілік қүрылымына сәйкес өзгерту енгізілді.

ҚР Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы Жарлығымен<ref>9 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штаттық саны мен құрылы- мы туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 15, 184-бап). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің штаттық саны мен қүрылымы бекітілді: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президенттің көмекшілері; Президент Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары және орынбасарлары — басқарма бастықтары; Президент кеңесшілері; Президент Кеңсесі; ішкі саясат басқармасы; үйымдастьфу-бақылау және кадр саясаты басқармасы; мемлекеттік- қүқықтық басқармасы; экономикалық саясат басқармасы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы; Президент Протоколы; Президентгің Баспасөз қызметі; Президештің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің Алматы қаласындағы арнаулы өкілі; Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айла- ғындағы арнаулы өкілі; Сыртқы саясат орталығы. ҚР Президентінің 2004 ж. 23 сәуірдегі Жарлығымен<ref>10 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 805 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 23 сәуірдегі № 1351 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 19, 235-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туралы ережеге толықтыру енгізілді: Әкімшілік қүрылымына бөлімдер мен өзге бөлімшелер басқармалар қүрамында қосымша енгізілді; ҚР Президенті Әкімшілігінің қүра- мына Президент Кеңсесінің бастығы қосымша енгізілді. ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>11 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы № 1478 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 48, 591-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің қүрылымына өзгерту енгізілді: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі" деген жолы мынадай редак- цияда мазмүндалды: "Парламент Сенатындағы Президент Өкілі. Парламент Мәжілісіндегі Президент Өкілі".

ҚР Президентінің 2004 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен<ref>12 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 11 ақпандағы № 1518 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 6, 49-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің қүрылымына өзгерту енгізілді: "Пар- ламент Сенатындағы Президент Өкілі. Парламент Мәжілісіндегі Президент Өкілі" деген жолдар мынадай редакцияда мазмүндалды: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі". ҚР Президентінің 2004 ж. 4 наурыздағы Жарлығымен<ref>13 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 4 наурыздағы № 1524 Жарлығы (Ағымда- ғы мүрағат). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің қүрылымы мынадай редакцияда мазм- үндалды: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Әкімшілік Басшысы- ның Бірінші орынбасары және орынбасарлары; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президенттің көмекшілері; Президент кеңесшілері; Пре- зидент Кеңсесі; ақпараттық-талдау орталығы; жалпы бөлім; мемлекеттік-бақылау және үйымдастыру жүмыстары бөлімі; заң шығару және қүқықгық сараптама бөлімі; кадр саясаты бөлімі; қүқық қорғау және сот жүйелері мәселелері жөніндегі бөлім; мемлекеттік қүііиялар мен ақпараттандыруды қорғау жөніндегі бөлім; әлеуметтік- экономикалық талдау бөлімі; қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі; Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы; Мемлекеттік хатшы хатшылығы; Президент Әкімшілігі Басшысы- ның хатшылығы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы; Президенттің Баспасөз қызметі; Президенттің Протоколы; Президенттің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің Алматы қаласындағы арнаулы өкілдігі; ахуалдық орталық; әлеуметтік-саяси бөлім; Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі; Сыртқы саясат ор- талығы; Жүйелі зерттеулер орталығы. ҚР Президентінің 2005 ж. 23 наурыздағы Жарлығымен<ref>14 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгертулер мен то- лықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 23 наурыздағы № 1528 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туралы ережеге өзгерту енгізілді: қүры- лымнан бөлімдер мен басқарма қүрамындағы өзге де бөлімшелер шығарылды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}