Потсдам келісімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Потсдам келісімі (1911) — Иран және Бағдат т. ж. мәселелеріне байланысты Ресей мен Германия арасында жасалған келісім. Келісімге 6(19) сәуірде Санкт-Петербургте Ресей сыртқы істер министрінің өкілі А.А. Кератов пен Германия елшісі Ф. Пурталес қол қойды. Потсдам келісімі 1919 ж. Потсдамда кездескендегі келіссөзді қорытындылады. Потсдам келісімі бойынша Ресей Бағдат т.ж. құрылысын салуға Ираннан концессия алуға міндеттенді. Германия Ресейдің Солтүстік Иранға «ерекше мүдделі» екендігін танып, концессия алмауға келісті, Ханекиннен Солтүстікке қарай Бағдат т.ж. тармағын салмауға уәде берді.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том</ref><ref>Сборник договоров России с другими государствами, 1856—1917, М„ 1952.</ref><ref>История дипломатии, 2 изд„ т. 2, М„ 1963, с. 698—703.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер