Постмодерн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Постмодерн - ғылыми-техникалық және ақпараттық төңкерістердің қазіргі кезеңінің әсерінен саяси қатынастарда және процестерде жүріп жатқан өзгерістер дәуірі. Саяси ғылымдар дискурсында саяси постмодерн мәселесі 1980-ші жылдарда талқылана бастады, бірқатар зерттеушілер саясаттағы постмодерн дәуірінің басталуын 1968 ж. Франциядағы студенттердің демократиялық қозғалыстары мен толқуларымен байланыстырады. Постмодернистік дәуір мәдени және әлеуметтік алуан түрліліктің күрт өсуімен, бұған дейін үстемдік еткен таза экономикалық мақсаттылықтың принциптерінен алшақтауымен, даму жолдарының көпнұсқалылығының мүмкіндігімен, жалпыға ортақ әлеуметтік әрекеттен бас тартумен, адамдар қызметін ынталандыру мен себептерінің жаңа жүйесін қалыптастырумен, мәдени факторлардың рөлінің артуымен сипатталады. Постмодерн плюралистік парадигмалардың орнығуын, еуропоцентризм мен этноцентризмнен бас тартуды, мәдени бірліктің фрагменттілігін, көптік принципін, жеке тұлғаға және оның ішкі әлеміне үңілу, өзін-өзі басқаратын құрылымдарға бірегейлену мәселелеріне көңіл аударуды білдіреді. Саяси ғылым саласында постмодернистік тәсіл мәдени және саяси алуан түрлілігі мен әркелкілігі (саяси субмәдениеттердің, мезо және микромәдениеттердің өркендеуі) мәніне; постмодерннің саяси құндылықтарының кеңінен таралуына; жалпы саясатта және жеке саяси басқаруда бірегейлену мәселелеріне; саясаттың тұлғалық белгілерінің рөлін көтеруге; төменнен басталатын әлеуметтік саясатқа; төменгі демократиялық құрылымдардың және азаматтық қоғам деңгейінде және мемлекеттік саясаттың төменгі және орта "қабаттарындағы" жазықтық іс-әрекеттің рөлінің артуына; өзін-өзі басқаратын жазық желілердің дамуына; саяси басқарудағы бірегейліктің рөліне; интерактивті және ақпараттық технологиялардың кеңінен дамуына ерекше көзқарасты білдіреді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Постмодерн|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}