Порт (IT)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Порт (Port) — 1) дербес компьютердің шалғайлық құрылғыларды (принтерді, тышқанды) өзіне жалғастыратын қосқыш тарақшасы; 2) шалғай (перифериялық) құрылғының енгізу-шығару кеңістігіндегі регистрі; 3) есептеу машинасының енгізу-шығаруға арналған физикалық құрылғыларының бірі (ағытпа). Ол баспа құрылғысы, модем сияқты құрылғыларды қосу және осы құрылғыларға ақпарат жеткізу үшін қолданылады. Тізбекті (СОМ) және параллель (LPT) порттар пайдаланылады; 4) Internet желісінің нақты қолданбалы программасын анықтайтын сан. Бір есептеу машинасы екіншісіне мәліметтер дестесін жібергенде, бұл дестеде машина қандай қолданбалы программамен байланыс орнатпақшы және желіде қандай хаттама пайдаланылады деген мәліметтер болады. Порттың нөмірі осы қолданбалы программаны көрсетеді. Бұл екі түсініктің біріншісі аппараттық құралдар жайында сөз болған кезде (мысалы, «модемді компьютердің тізбекті портына қосыңыз»), ал екіншісі Internet торабы жайында сөз болғанда (мысалы, «Telnet бойынша 1000 портпен байланыс орнатыңыз » пайдаланылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Порт (IT)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}