Портреттік корреспонденция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Портреттік корреспонденция – суреттеу стилінде жазылатын корреспонденцияның ерекше түрі. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>. Ондағы негізгі мақсат: болған оқиғаны, құбылысты оқырманға, көрерменге көркем тілмен суреттеп беру, жеткізу. Портреттік корреспонденцияда ойдан шығару, ойдан қосу дегендер болмайды.

Корреспонденцияның барлық түріне тән дәлелдер, дәйектер, деректер мұнда да міндетті түрде орын алуы тиіс. Сондай-ақ мұнда кейіпкер портретінің элементтері ғана кездеседі. Ол күрделі мәселелерді көтермейді немесе белгілі бір мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Проблемалық сарын бұған шарт емес, сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау, себептерін анықтау, оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}