Поляриметрия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Поляриметрия - жарықтың поляризациялану дәрежесін және ортаның оптикалық активтілігін өлшеуге негізделген зерттеулер тәсілдері.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Поляриметрия әдісі поляризацияланған жарықты зерттеуге негізделген. Поляризация жазықтығының айналу бұрышын өлшейді, ол анықталатын заттың концентрациясына тура пропорционал мән:

β = (α*l*T) / 10

мұндағы β - поляризация жазыктығының айналу бұрышы; α - поляризация жазықтығының меншікгі айналымы, ол зат табиғатын білдіреді; l - кювета ұзындығы (түтікше), см; Т - анықталатын заты бар ерітіндінің титрі, г/см3.

Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болады. Табиғи жарық сәулесінің толқыны барлық жазықтықта болады, және оның бағыты перпендикуляр. Анализ жасаған кезде толқыны тек бір жазықтыкта поляризацияланған сәуле қажет. Ол үшін арнаулы кристалдары бар, жарық сәулесі өткен кезде поляризацияланатын қондырғыларды (поляризаторлар) орналастырады. Осындай сәулені оптикалық активті заты бар ерітіндіден өткізсек, онда өткен жарықтың жазықтық бұрышы белгілі бір бағытқа айналады - оны поляризация жазықтығының айналу бұрышы деп атайды.

Қондырғыларда анализатор болады, ол поляризациялау жазықтьнының бұрылу бұрышын анықтайды.

Поляриметрияны зерттеудің схемасын былай жасауға болады:

Поляриметрия әдісінің негізгі мәселесі - анализге алынған заттың оптикалық активтігі.

Анализге берілген заттың концентрациясын анықтау үшін градуирленген қисық, молярлы қасиет әдісін қолданады.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алма-ты:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}