Полгар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Susan Polgar.JPG
Жужа Полгар

Полгар Жужа (19.4.1969 ж. т., Венгрия, Будапешт) — ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионы (1996 — 99). Ол 12 жасында 16 жасар қыздар арасындағы жарысқа қатысып, Венгрияның чемпионы атанды. 1981 ж. Варна қаласында өткен халақаралық турнирде бас жүлдені еншіледі. 1986 ж. ерлер арасындағы Венгрия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол сіңлілері София, Юдит және замандасы Ильдико Мадлмен бірге 1988, 1990 жылдардағы бүкіләлемдік шахмат олимпияларында алтыннан алқа тақты. 1994 ж. Тилоргте әлем чемпиондығына үміткерлер турнирінің қорытындысында Полгар М.Чибурданидземен 1 — 2 орынды бөлісті. Осы екі шахматшы арасындағы қосымша матчта 5,5:1,5 есебімен Полгар жеңді. Сөйтіп венгр қызы әлем чемпионы қытайлық Се Цзюнмен 1996 ж. Испанияның Хаэн қаласында кездесті. Бұл матчта 8,5:4,5 есебімен жеңіске жеткен Полгар әлем чемпионы атанды.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Полгар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}