Плутеус

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Плутеус (лат. pluteus — қалқан, сөре) — кейбір тікен терілілердің (теңіз кірпілері мен офиуралар) личинкасы. Плутеустің бүйір өсінділері «қолы» болады. Эхиноплутеустер деп ата- латын теңіз кірпілері Плутеусінің 5 не 6 жұп, ал офиоплутеус атты офиуралар Плутеусінде 4 жұп «қол» болады. Плутеус осы өсінділері көмегімен су ішінде жүзіп жүреді. Плутеустің ересек жануарға айналу процесіне личинка денесінің тек алдыңғы бөлігі қатысады, қалған бөлігі, сондай-ақ «қолдары» атрофияға ұшырайды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер