Пласт (тақта) төбесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пласт (тақта) төбесі — пайдалы қазындылардың тікелей үстінде жатқан тау жыныстары. Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында қопсу, бөліну қабілетіне қарай: жалған, тікелей және негізгі төбе болып бөлінеді. Қалыңдығы 0,5—0,6 м шамасындай тікелей пластың үстінде жатқан борпылдақ тау жыныстарын жалған төбе дейді. Олар пайдалы қазындыны алу барысында бірге немесе сәл кешігіп құлайды. Тікелей пластың немесе жалған төбенің үстіне орналасқан тау жыныстар қабатын тікелей төбе дейді. Қопарылған төбеден жоғары жатқан қатты, орнықты тау жынысы негізгі төбені құрайды.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>