Плагиат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Плагиат (Үлгі:Lang-la — ұрлау, ұрлық) — басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану.<ref>Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2001.ISBN 5-7667-8676-Х</ref>

Бөтен шығарманы немесе оның бір бөлігін түпнұсқасын атамай, өз атынан жариялағанда, із жасыру үшін түрлі әдістер қолдану да кездеседі. Мысалы, мәтінге кейбір өзгертулер енгізу, басқа сөзбен алмастыру, т.б. Мұндай өзгертулер көп болса, плагиатты дәлелдеу оңайға түспейді, арнайы салыстырып тексеруді қажет етеді. Плагиаттық жасап, басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Плагиат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}