Петр Алексеевич Верболович
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Петр Алексеевич Верболович (23 сәуір 1910 жылы, Воскресенка селосы, қазіргі Украина, Запорожье облысында туған – 1986 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) – медицина ғылымдарының докторы (1959 жылы), профессор (1962 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1967 жылы).
II-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Днепропетровск медицина институтын бітірген (1933 жылы). Алматы мемлекеттік медицина институтында (1946 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. Верболовичтің ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен адам биохимиясына арналған. Миоглобин және басқа хромопротеидтер биохимиясын зерттеген. Миоглобиннің жануарлар жүйке жүйесіне тигізетін әсерін анықтады. Ол Алматы мемлекеттік медицина институты жанында орталығы ғылыми-зерттеу лабораториясын (1963 жылы) ұйымдастырған. Негізгі ғылыми жұмыстары клиникалық биохимия мәселелеріне арналған. Верболович инфрақызыл спектроскопия әдісімен биохимия мембрана құрылысын зерттеген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Шығармалары
1. "Железо в животном организме", Алматы, Наука, 1967; 2. “Миоглобин и его роль в физиологии и патологии животных и человека“, Мәскеу, Медгиз, 1961; 3. "Лекции по отдельным разделам биологической химии", Алматы, 1985;
Сілтемелер
1. «Кафедра биологической химии»
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петр Алексеевич Верболович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}