Петропавл бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петропавл бөгеніЕсіл өзенінде орналасқан бөген. Петропавл бөгетінен Қарғалы аралына дейін 30 км-ге созылып жатыр, ең енді жері 170 м-ге жетеді. Су айдынының аумағы 5 км². Ең терең жері — 6 м. Бөгеннің аумағы 19,2 км². Пішіні Есілдің аңғарымен сәйкес келеді және онымен бірнеше ескі арналар байланысқан.

Бөгеннің негізгі міндеті – өзен суын реттеп отыру, Петропавл қаласын және оның кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету, Түмен облысына ағын бойымен кепілді су жіберу және санитарлық тазалықты сақтау. Петропавл гидрокешені бетон бөгеттен, шахталық су шығарудан, диаметр 600 мм құбырдан және топырақ үйіндісінен тұрады. Осы техникалық құрылыс бойынша Есіл өзені арқылы тас жол салынған.

Бөген көктемде толығады. Су тасқыны басталғанша бөгет толығымен жабылады. Суы мол жылдары тасыған су бөгет жармаларынан ағып қана қоймай, айналма арна бойымен Есіл өзенінің барлық жайылмасымен лықсып ағады. Петропавл бөгенінен тұрғын халықты және облыс орталығының кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ететін Петропавл қалалық су құбыры су алады. Жеке сорғы стансасы бар Петропавл ЖЭО-2 негізгі тұтынушы болып табылады. Бақша-саяжай кооперативтері де (100-ден астам) осыдан су алады.

Жағалауында жағажай орналасқан.

Дереккөздер</span>

«Қазақ Энциклопедиясы», VII-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петропавл бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}