Персеверация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Персеверация (Үлгі:Lang-la — қасарушылық, қыңырлық) — белгілі бір қимыл-әрекеттің, ойдың немесе қобалжудың еріктен, арнайы пиғылдан тыс қайталануы және үнемі қайта жаңғыртылуы. Персеверация ерекше жағдайда әр түрлі көрініс табады: қозғалыс күйде, эмоциялық, сенсорлық — персетивті немесе сезімдік — қабылдаушы аяда, сондай-ақ ми бөлшектері жартылай зақымданғанда, сөйлеу, қозғалу және эмоциялық ауытқушылық орын алғанда байқалатын жағымсыз көріністер. Персеверация көңіл-күй жиі бұзылғанда немесе қатты қалжырағанда қайталануы ықтимал. Мамандардың болжамынша, қимыл-әрекеттің тоқталуы туралы сигнал кешіккенде нейрон құрылымдары қозады да, осы толқымалы процестер әрдайым персеверация негізін құрайды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}