Перитон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Перитон - жартылай бұғы, жартылай құс тәрізді мақұлық. Басы мен аяқтары - бұғынікі. Ал дене тұрқы, қауырсын - қанаттарымен қоса, құстан аумайды. Ең ғажап қасиеті сол, күн жарығы түскенде олардың көлеңкесі өзінікі емес, адамның сұлбасы болып көрінеді. Осыдан келіп кейбіреулер перитиялар - құдайлардың желеп-жебеуінсіз жат жерде өлгендердің аруақтар деген тұжырым жасайды. Бұл мақұлықтар топталып ұшады, оларды Геркулес мұнараларының маңында шырқау биіктен көргендер бар.

Олар (перитиялар) - адам затының қас жаулары. Адамды өлтірудің сәті түскен кездерінде көлеңкелері лезде өз денелерінің ырқына көніп, құдайдың рақымына ие болады. Сципионмен бірге Карфагенді жауламаққа жол тартқан римдіктер теңізбен келе жатып осы құбыжықтарға тап болып, сапарлары сәтсіздікке ұшырай жаздайды. Оларға топталып ұшқан көп перитиялар шабуылдап, бірсыпыра жауынгерлерін өлтіріп кетеді. Біздің қаруымыз перитияларға қарсы дәрменсіз болғанымен, олардың әрқайсысы бір адамнан артық өлтіре алмайды. <ref>Қазақстан балалар энциклопедиясы "Ежелгі Қазақстан мифтері"</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Перитон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}