Перизат Асанқызы Омарбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Перизат Асанқызы Омарбекова 1976 жылы 2 қаңтарда Жамбыл қаласында туған. қазақ. Әкесі - Омарбеков Асан Әбидінұлы, Тараз қаласының әкімдігі жанындағы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. Анасы - Омарбекова Несіпкүл Әлімқұлқызы, актер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультеті хореография бөлімшесін бітірген (1997), хореография пәндерінің дәріскері. «Меня волнует судьба танца», «Шуағын шашқан Шара» мақалаларының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (тұрмыстық) тілдерін біледі. 1997 жылдан - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында халық билерінің дәріскері. 1999 жылдан бері - «қазақконцерт» қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің жеке балет орындаушысы. «Апмалы-99» шығармашылық байқауының (1999), «Шабыт» халықаралық сайысының (2003) лауреаты. «Жамбыл облысының аруы» сайысындағы бас жүлденің иөгері (1992). Шетелдік студенттер арасындағы байқауда 1 орынға ие болған (Үндістан, 2000). «Жас Отан» грамотасымен марапатталған (2009). Діни көзқарасы - мұсылман. қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бізде бәрі де жақсы болатындығына сенемін». Хоббиі - кітап оқу, гүл өсіру, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, М. Мақатаөв, Ф. Оңғарсынова, Т. Айбергенов. Ажырасқан. қыздары - Әйгерім (1996 ж. т.), Інжу (2008 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub