Пауло Рикардо Фигейро Силва
Үлгі:Мини-футболшы Паулу Рикарду Фигейра Силва (4 наурыз 1977 жылы Аракажу, Бразилия) дүниеге келген) — халық арасында Кака ретінде танымал бразилиялық футболшы және футзал ойыншысы. 2018 жылдан бастап Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасының Бас бапкері<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2018–2023 жылдар аралығында Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкері. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Футзалдан Қазақстан құрама командасының бас бапкері ретінде 2024 жылы Ташкентте өтетін Футзалдан Әлем чемпионатына дайындайды.
2024 жылғы Әлем чемпионатынан кейін Қазақстан футбол қауымдастығы бас бапкердің келісімшартын 2026 жылға дейін созды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2026 жылғы Футзалдан Еуроапа чемпионатына іріктеу кезеңін Қазақстан құрамасы сәтсіз аяұтағандықтан Каканың бапкерлік қызметіне қатысты бірнеше пікірлер айтылды. Бірде келісімшартты 2026 жылдың жазында аяқтап, Каканың қазақстандық футзалда арнайы қызметке баратыны айтылса, екіншісі пікірлер келесі әлем чемпионатының циклы аяқталғанша қызметте қалауы мүмкін делінген.
2025 жылдың 8 қарашасында ҚФФ Рикардо Какамен арадағы келісімшарттың тоқтатылатынын хабарлады және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарланды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Кака әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық жанкүйерлерге арнап мәлімдеме жасады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Келесі күні Рикардо Каканың ресейлік «ИрАэро» футзал клубының бапкері болатыны хабарланды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Өмірбаяны
Кака өзінің спортқа деген алғашқы қызығушылығын еске ала отырып, балалық шағындағы бастауын осылай сипаттайды. Ол Бранку Кардозо колледжінде оқып жүрген кезінде футзалмен шұғылдана бастаған. Ал оның алғашқы командалық суреті небәрі төрт жасында түсірілген екен — дәл сол сәттен бастап футзал оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.
Болашақ бапкер сондай-ақ футболмен де айналысқан. Ол «Конфианса» клубының жасөспірімдер құрамасында ойнағанымен, жиі жаттығулар мен матчтарды өткізіп алып, футзал алаңына кетіп қалатын. Бұл оның сөзінше, жай ғана әуестік емес, шынайы құштарлыққа айналған еді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Кака карьерасын Бразилия клубтарында бастады, ал 2001 жылы Испания чемпионатына ауысты. Сол жерде ол «Барселона» және «Дизофт» командаларында ойнап, кейін чемпионатты тағы да ауыстырып, Ресейдің «Спартак-Щелково» клубының ойыншысы болды. Мәскеу маңындағы бұл клуб үшін ең үздік кезең 2004—2005 жылғы маусым болды, ол осы команда құрамында Ресей Кубогын жеңіп алып, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, ал өзі сол маусымда турнирдің үздік сұрмергені болды.
2009 жылы Щелково клубы қаржылық қиындықтарға байланысты Суперлиганы тастап, Кака Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты. Алайда армия командасында бразилиялық ойыншы ұзақ тұрақтамады — 2010 жылдың басында ол басқа астаналық клуб «Динамо-Ямалға» ауысты. Бірақ бұл жерде Кака негізінен ойыншы емес, бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет атқарды.
2010 жылдың жазында Кака Әзірбайжанның «Нефтчи» клубын басқарды. Ойыншы мансабын аяқтағаны туралы айтылғанына қарамастан, ол біраз уақыттан кейін бұл клубта ойыншы ретінде де алаңға шыға бастады. 2012 жылы Әзірбайжан төлқұжатын алған соң, мини-футболдан Әзірбайжан құрамасында дебют жасады. Ресей құрамасына қарсы алғашқы матчында-ақ гол соғып, көзге түсті.
Газпром Югра
Жетістіктері
| Маусым | Ресей Суперлигасы | Ресей Кубогы | УЕФА Чемпиондар лигасы |
|---|---|---|---|
| 2015 | Чемпион | Чемпион | |
| 2016 | Чемпион | Чемпион | |
| 2017 | |||
| 2018 | Чемпион | Чемпион |
Қайрат
Жетістіктері
| Маусым | Қазақстан чемпионаты | Қазақстан кубогы | УЕФА Чемпиондар лигасы | Супер кубок |
|---|---|---|---|---|
| 2019 | Чемпион | Элит-раунд | Чемпион | |
| 2020 | Чемпион | Чемпион | Чемпион | |
| 2021 | Чемпион | Чемпион | ||
| 2022 | Чемпион | Чемпион | Чемпион | |
| 2023 | Чемпион | Чемпион | Чемпион |
Қазақстан ұлттық құрамасы
Бразилиялық маман Кака 2018 жылы Қазақстан ұлттық футзал құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Сол уақыттан бері ол қазақстандық футзалдың дамуына айтарлықтай үлес қосып, оның халықаралық аренадағы беделін едәуір нығайтты. Федерацияның ресми мәлімдемесінде атап өтілгендей, Кака жетекшілік еткен жылдары Қазақстан құрамасы Еуропа мен әлемнің ең үздік командаларының қатарына тұрақты түрде еніп, заманауи ойын үлгісін, жоғары тәртіп пен ұйымдастыру деңгейін көрсетті.
Каканың басшылығымен Қазақстан футзал құрамасы 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді – алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орынды иеленді. 2022 жылы команда Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Кейін құраманың ойыны сенімді өріс алып, 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде табысты өнер көрсетті.
Өзбекстанда өткен 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті, алайда Аргентина құрамасына жол берді. Дегенмен, Каканың шәкірттері 1/8 финалда сол кездегі әлем чемпионы Португалияны жарыстан шығарып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Жетістіктері
| Маусым | Еуропа чемпионаты | Әлем чемпионаты |
|---|---|---|
| 2021 | 4-орын | |
| 2022 | Төртінші орын | |
| 2024 | Ширек финал | |
| 2026 | Квалификациядан өте алмады |