Патологиялық өтірік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру Патологиялық өтірік (pseudologia fantastica және мифомания) — әдеттік не компульсивті өтірік айту. <ref name="jaapl">Үлгі:Cite journal</ref><ref name="Dike">Үлгі:Cite journal</ref> Медициналық әдебиетте алғаш рет 1891 жылы Антон Дэльбруэкпен сипатталған. Қарама-қайшылыққа толы тақырып болса да, патологиялық өтіріктің сипатталуы келесідей: "кез-келген аяқталуға сәйкес келмейтін, өте күрделі болу мүмкіндігі бар және бірнеше жыл немесе тіпті өмір бойы көрінетін жалған".

Сипаттамалары

Патологиялық өтіріктің анықтауыш белгілері:

  • Жоғарыда айтылған мінез-құлықтың мақсаты сыртқы емес, толығымен ішкі; ұзақ уақыт бойы жалғасып жатқан бопсалаушылық немесе тұрмыстық зорлық тоқтамай жалған айтудың себебі бола алады.
  • Көбінесе өтірік науқастың күйін, мәртебесін жақсарту үшін айтылады. Өтірікші әңгімелерінде өзін протогонист немесе құрбан ретінде көрсету арқылы "өз тұлғасын безендіреді". Мысалы, өтірікші қиялдан асқан батыр; сан алуан әйгілі адамдарды танитын және олардың туысы; үлкен күш, сарқылмас байлық иесі ретінде өз-өзін таныстыруы мүмкін.

Кейбір психиатрлар компульсивті және патологиялық өтірікті екі түрлі дерт деп қарастырса, басқалары екеуін бір санайды. Тіпті компульсивті өтірік деген сырқат мүлдем жоқ дейтіндер де бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Диагноз

Патологиялық өтірікке диагноз қою қиын. Психологтар бұл аурудан туындайтын мәселелерді психикалық ауытқу ретінде тануға үйретілген. Ол Психикалық Бұзылыстардың Диагностикалық және Статистикалық Нұсқаулығының үшінші басылымына енгізілген.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Ол өзі жалғыз да психикалық бұзылыс болғанымен, психопатиялық, әлеуметке қарсы, нарцисттік және гистриондық тұлға бұзылыстардың белгісі ретінде де қарастырылады. Дегенмен де, патологиялық өтірікшілер басқа психикалық ауруларға шалдықпауы да мүмкін.

Жалған детекторы арқылы патологиялық өтірікшілер күйзеліс, күнә және жағымсыздықты өтірік арқылы көрсететіні анықталған. Бұл қасиет айтылған сезімдерге мүлдем шамасы келмейтін психопаттарға бейтаныс. Әлеуметтікке қарсы психикалық ауытқулар иестеры жалғанды өзгелерден көбінесе ақша, күш және билік түріндегі пайда табу мақсатында қолданады. ПӨ-лердің себебі тек жеке бастарына байланысты. Шекаралық тұлға бұзылыс мен патологиялық өтірік айырмашылығы ШТБ-ға шалдыққандар қатыгездік пен жалғыздықтан құтылу не шешу үшін суицид жайлы бос бойбалам я олардан бас тартқаны жайлы бос айыптауды пайдаланады. Паталогиялық өтірікшілер өздерін жалғыз немесе олардан бас тартқандай болып сезінбейді; олардың өздеріне-өздерінің сенімі әсірелеу болғандықтан оларға өтірік соғу оңай. Гистриондық бұзылысы бар кісілер Pseudologia Fantastica-ға қарағанда сөзден гөрі іске құмар. Нарцисттер өздерін кемеліне келді деп санап басқаларға аяусыз қарайды. PF пациенттерде бұндай әлеуметке қарсы ауытқулар кездеспейді; олардың өтірік айту себебі өздерінің өмірі тым қызықсыз деп санауы. Қазіргі жүйемізде мақсатсыз, жеке басының қалауынан жалған айту тек симулятивті бұзылыста (Мюнхгаузен синдромы) кездеседі. Ол өздерінде түрлі физикалық не психологиялық ауытқулар бар туралы өтірік айтатындарды сипаттайды. PF науқастары көбінесе дара тұлғасы мен өткен өмірі жайлы өтірік айтады. Белгілері әртүрлі болғандықтан пациентке диагноз қойылмауы да мүмкін. Дегенмен олар белгісіз тұлға бұзылыстары арқылы (АХЖ-10 коды F69) немесе "Ересектердің басқа белгілі тұлға және мінез-құлық бұзылыстары" (АХЖ-10 коды F68.8) өзін "Бұл категория ересектер арасындағы жеке тұлғаның белгілі бұзылысын және алғы тақырыптарға жатқызылмайтын мінез-құлық кодын кодтау үшін қолданылуы керек" деп сипаттағандықтан патологиялық өтірікшілер осы диагноздар арқылы қарала алады. Белгілі бұзылыстар болып психологиялық себептерден (ақша және т. б. сияқты материалды емес) туындайтын айла танылады. Сонымен қатар, психиатриялық ауру ретінде қарастырылу үшін мінез-құлқы қажетті шарттарға сай болуы тиіс.

Психопатия

Патологиялық өтірік Психопатия бақылау тізімінің 1-ші Факторына енеді. (PCL).<ref name="gap">Үлгі:Cite journal</ref>

Патологиялық өтірікшілер

Өтірік айту деп әдейі және соны біле тұра жалған тұжырым жасау әрекеті.<ref>Lying. (n.d.). Dictionary.com Unabridged. Retrieved September 26, 2011, from Dictionary.com website: http://dictionary.reference.com/browse/lying</ref> Кәдімгі өтірік қорғаныш қызметін атқарып, шындықтан кейінгі салдардан құтылу үшін айтылады. Қолдану мақсаты жиі өзгелердің сезімін аяуды, әлеуметік-тұрмыстық көзқарасты көрсету мен адамдардың өзара қатынасын қосады. Патологиялық өтірікке жалған тұжырым жасау әдетке ену деген сипаттау береді; тұлға өтірікті ешбір жеке пайдасыз айтқанда жетілетін күй.  

Патологиялық өтірікші болудың бірнеше салдары бар. Сенімнің тапшылығы мен жоқшылығына байланысты қоршаған ортамен қарым-қатынастары құлдырайды. Патологиялық өтіріктің заңға қарсы әрекеттерге апаруы да болжамды (мысалы, алаяқтылық).<ref name="Dike, C. 2008">Dike, C. (2008). Pathological lying: symptom or disease? Lying with no apparent motive or benefit. Psychiatric Times, 25(7), 67–73. Retrieved from EBSCOhost.</ref>

Эпидемиология

Патологиялық өтірікке орташа шалдығу жасы 16 жыл. Сол кезде адам санасы орташа не одан жоғары даму деңгейінде болады. Аурулардың 30%-ның отбасы мүшесінде психикалық ауытқулар байқалған. Ерлер мен әйелдер арасында таралуы теңбе-тең.<ref name="Healy, M. 2004">Healy, M., & Healy, W. (2004). Pathological lying, Accusation And Swindling. Winnetka, Illinois: Kessinger Publishing.</ref><ref name="King BH, Ford CV 1988 1–6">Үлгі:Cite journal</ref> Психологиялық өтірікшілердің 40%-да орталық жүйке жүйесінің эпилепсия, электроэнцефалография, назар жетіспеушілік синдромы мен гиперактивтілік, бас травмасы сияқта ауытқулар табылды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Қосымша оқу

Сыртқы сілтемелер